Жаңалықтар

Астанада ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған

Алған жарақаттарының салдарынан әйел мен ер адам оқиға орнында көз жұмды

Астанада ерлі-зайыптының жанжалы қайғылы аяқталды. 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өзіне де пышақ сұққан. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Қайғылы оқиға болған пәтерден 53 жастағы әйел мен оның 55 жастағы күйеуінің денесі табылған.

Астана полициясының мәліметінше, ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған. Артынша өзіне де пышақ сұққан.

Алған жарақаттарының салдарынан әйел мен ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың нақты себептері мен барлық мән-жайын анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button