Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Циклон жаңбыр алып келеді

22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Онымен бірге жаңбыр мен найзағай келеді.

Кей жерлерде жауын-шашын қатты болуы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал, – деп ескертеді «Қазгидромет».

Мұндай ауа райы елдің басым бөлігінде күтіледі.

Батыста аптап ыстық сақталады

Қазақстанның батысында жағдай өзгеше болады. Бұл өңірлерге антициклон әсер ететіндіктен, айтарлықтай жауын-шашын күтілмейді.

Күндіз ауа температурасы +34…+39 градусқа дейін көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button