Астана әкімдігінің білім гранттарын иеленгендер тізімі жарияланды
Ал мемлекеттік білім беру грантына өте алмаған талапкерлер үшін жоғары оқу орнына түсудің басқа да балама мүмкіндіктері қарастырылған
Астана әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерін бекітті, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Гранттар елорданың және өзге де жоғары оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлауға бағытталған.
Білім гранттары берілген оқу орындарының қатарында:
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
- Астана халықаралық университеті;
- А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты;
- Esil University бар.
Грант иегерлері негізінен педагогика, ақпараттық технологиялар және көлік қызметтері бағыттары бойынша білім алады.
Сонымен қатар Астана медицина университетіне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауға да мемлекеттік гранттар бөлінген.
Әкімдік грантына ие болған азаматтардың толық тізімі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.
Ал мемлекеттік білім беру грантына өте алмаған талапкерлер үшін жоғары оқу орнына түсудің басқа да балама мүмкіндіктері қарастырылған.



