Басты жаңалықБілім

Қостанай облысында оқушылар жаңа оқу жылын әкімдік ғимаратында бастайды

Мектепте күрделі жөндеуді екінші тоқсанның басына дейін аяқтау жоспарланған

Қостанай облысындағы мектептердің бірінің оқушылары жаңа оқу жылын әкімдік пен орман шаруашылығының ғимараттарында бастайды. Себебі мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталмаған, деп хабарлайды NewsMedia.kz 31-телеарнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әкімдік мәліметінше, бұл екі жылға жоспарланған жоба, жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеуді екінші тоқсанның басына дейін аяқтау жоспарланған. Қазір ғимаратта әрлеу жұмыстары жүріп, еден төселіп, есіктер орнатылып жатыр.

Білім басқармасы оқушыларға қолайсыздық тудырмайтынын айтты.

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде 110 оқушының оқу процесі аудан әкімдігінің ғимаратында және Усаков орман шаруашылығының әкімшілік ғимаратында уақытша ұйымдастырылады. Сабақтар екі ауысымда өтеді. Кабинеттер қажет жиһаздар және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген”, – деп жазылған Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының жауабында.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button