Депутаттар Құрылтай төрағасының орынбасарларын сайлады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай өзінің орынбасарлары лауазымына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.
Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар спикердің ұсынысын қолдады.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Оның кандидатурасын депутаттар қолдады.



