Басты жаңалықҚоғам

ОСК Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады

Сайлаушылардың 2,51%-ы «бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлауға 9 351 539 азамат қатысқан. Дауыс беруге қатысу көрсеткіші 74,08% болды.

Партиялар арасындағы дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
  • ЖСДП – 469 058 дауыс (5,11%);
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс (1,07%);
  • Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);
  • «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);
  • Respublica – 509 631 дауыс (5,56%).

Сайлаушылардың 2,51%-ы «бәріне қарсымын» деген нұсқаны таңдаған.

Осылайша, дауыс беру нәтижесі бойынша «Әділет» партиясы айқын басымдықпен бірінші орынға шықты.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялаған болатын. Кейін сайлаудан кейінгі экзитполдардың алдын ала қорытындылары да белгілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button