Басты жаңалықЖаңалықтар

«700-ден аса өрескел қате!»: Тоқаев мектеп оқулықтарын сынға алды

Ол тарихи фактілер мен оқиғалар бұрмаланып көрсетілген оқу материалдарын қайта қарауды талап етті

Президент Тоқаев Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетінде мұң мен қайғы тақырыбына тым көп мән берілетінін айтып, сынады, деп хабарлайды NewsMedia.kz

Мемлекет басшысы елдегі мектеп оқулықтарының бағдарламасына көңілі толмайтынын айтты.

Тоқаев тарихи фактілер мен оқиғалар бұрмаланып көрсетілген оқу материалдарын қайта қарауды талап етті.

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам өрескел қате анықталды. Мұның салдары мектептегі білім сапасына айтарлықтай кері әсер етеді. Ойланып көріңіздерші: оқулықтарда 700-ден астам қате бар! — деді Тоқаев.

Тоқаев әдебиет пен мәдениетте мұң-шер тақырыбына шамадан тыс көңіл бөлінетінін де сынға алды.

Президент “үнемі қайғырып жүретін ұлт” бейнесінен арылу қажет екенін айтты. Оның пікірінше, мұң-шер жастарға жақын болмауы керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button