Жаңалықтар

Атырау облысында екі қыз бала есірткі тығып жүрген жерінен ұсталған (ВИДЕО)

Бұл видеоға пікір жазған азаматтар қолға түскен екі қыздың әлі бала екенін, сондықтан, ұйымдастырушыларды да анықтап, қамау керегін талап етіп жатыр.

Атырау облысының Тасқала кентінде болған оқиғаның видеосы таралып жатыр. Дереккөзге сүйенсек, екі қыз бала есірткі тығып жүрген жерінен ұсталған, деп хабарлайды NewsMedia.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Редакция осы видеоға қатысты Атырау облыстық Полиция департаментінен ресми түсініктеме сұратты. Полиция департаменті бұл фактіні растады, бірақ, толық ақпаратты ашып, түсіндірген жоқ.

Осы факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Дәлқазір оқиғаның мән-жайы толық тексеріліп, кейін тиісті шешім қабылданады, – деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаменті.

Ал желідегі ақпаратқа сүйенсек, қыздар 25 тамыз күні, түскі сағат 16:25-те Тасқала кентінде ұсталған. Бұл видеоға пікір жазған азаматтар қолға түскен екі қыздың әлі бала екенін, сондықтан, ұйымдастырушыларды да анықтап, қамау керегін талап етіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button