Жаңалықтар
Павлодарда ағаштың түбіне жасырылған қазанның ішінен 24 млн теңге табылды (ВИДЕО)
Ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар екені анықталған
Павлодарда кәсіпорыннан шамамен 25 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Полицияның мәліметінше, ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар екені анықталған. Полиция ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапты, деп жазды Stan.kz.
Ұрланған ақша алма ағашының түбіндегі қазанның ішіне жасырылған болып шықты.
Күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қылмыстық іске заттай дәлел ретінде тіркелді, – деді Павлодар қалалық Полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.



