Жаңалықтар

Атыраудағы қанды трагедия: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)

Туыстары оның емделуі мен оңалуына қажетті жағдай жасап жатыр

Атырау облысында бүтін бір отбасын қырып салған қылмыскер Сұлтан Сарсемәлиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен кездескен кезде түсірілген видеосы тарады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атырау облысындағы қанды оқиға: Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына сотталды

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан Ақбаян Мұқанғалиеваның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан балаларымен сағына қауышқан сәтін байқауға болады.

Ақбаян Мұқанғалиева тамыз айында Психикалық денсаулық орталығынан шыққаннан кейін балаларымен кездескен.

Қазір Ақбаян туыстарының қарауында. Балаларымен араласуы оның эмоционалдық жағдайына оң әсер етіп, психологиялық тұрғыдан қалпына келуіне сеп болуы мүмкін.

Туыстары оның емделуі мен оңалуына қажетті жағдай жасап жатыр. Олар Ақбаянның біртіндеп толықтай қалпына келіп, балаларымен бірге қалыпты өмірге оралатынынан үмітті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button