Басты жаңалықЖаңалықтар
Циклон жақындап қалды: Қазақстанда ауа райы қандай болады
Синоптиктер алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипат алатынын ескертеді
17-19 қыркүйек аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін. Ал елдің оңтүстігінде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, соңғы күндері Қазақстанның басым бөлігінде салқын әрі құрғақ ауа райын қалыптастырған антициклон біртіндеп шегінеді.
Оның орнына алдымен елдің батыс өңірлеріне циклон келеді. Кейін ауа райын өзгертетін циклон солтүстікке қарай жылжиды. Соның әсерінен бұл аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшеюі ықтимал.
Ал Қазақстанның оңтүстігінде жағдай өзгеше болады. Өзбекстан аумағынан жылы ауа массалары келеді деп күтіледі. Сондықтан 17-19 қыркүйекте оңтүстік өңірлерде күн жылы болып, жауын-шашын болмайды.
Синоптиктер алдағы күндері ауа райының тұрақсыз сипат алатынын ескертеді.



