Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстандық қыз Тоқаев сыйлаған сағатты 2,9 млн теңгеге сатып жатыр

Ол 10 жылдан кейін сағаттың бағасы 30 млн теңгеге дейін жетуі ықтимал деген болжам жасаған

Қазақстандық Анна Захарова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған қолсағатын сатылымға қойды. Ол естелік бұйымды 2 млн 899 мың теңгеге бағалаған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Бұл туралы Захарова Threads-тегі парақшасында жазды.

«Сағатты тақпаймын…»

Оның сөзінше, сағат Президенттен алған ерекше сыйлық болғанымен, өзі оны тақпайды екен. Сондықтан бұйымды бағалайтын адамға сатуды ұйғарған.

Бұл – мен үшін естелік әрі мәртебелі бұйым. Алайда сағатты тақпаймын. Сондықтан оны шынымен бағалайтын адамға бергенді жөн көрдім. Барлық қажетті құжаттары қоса беріледі, – деп жазды ол.

Захарова бұйымның алдағы уақытта коллекциялық құндылығы артуы мүмкін екенін айтып, 10 жылдан кейін сағаттың бағасы 30 млн теңгеге дейін жетуі ықтимал деген болжам жасаған.

Жарияланым әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қолданушылардың бір бөлігі сағаттың белгіленген бағасына күмән келтіріп, оны әзілге айналдырған.

Сағат иесі сатып алушы табылған жағдайда бұйымды әлемнің кез келген еліне жөнелтуге дайын екенін айтқан.

Сағат Захароваға қалай табысталған?

Сағаттың тарихы 2023 жылдан басталады. Сол жылы ұлттық ит тұқымдарының көрмесінде Анна Захарова Президентке Наурыз есімді бір жарым айлық тазы күшігін сыйлаған.

Осы сыйға жауап ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев ит өсірушіге өз қолтаңбасы қойылған қолсағат тарту еткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button