Басты жаңалықЖаңалықтар

Құрылтай сайлауы: қай партияның қанша мандат алғаны белгілі болды

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың жалпы саны 12 млн 623 мың 289 адам болған

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОСК мәлімдемесі

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың жалпы саны 12 млн 623 мың 289 адамды құраған. Дауыс беруге 9 млн 351 мың 539 азамат қатысып, сайлаушылардың белсенділігі 74,08% болды.

Партиялар жинаған дауыс саны:

«Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс (5,11%);

«Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс (1,07%);

Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);

«Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);

Respublica – 509 631 дауыс (5,56%).

Ал сайлаушылардың 2,51%-ы «Бәріне қарсы» нұсқасын таңдаған.

Қай партия қанша мандат алды?

Сайлау нәтижесіне сәйкес Құрылтайдағы мандаттар былай бөлінді:

«Әділет» партиясы – 110 мандат;

«Ауыл» партиясы – 10 мандат;

Respublica – 9 мандат;

ЖСДП – 8 мандат;

«Ақ жол» – 8 мандат.

Осылайша, Құрылтайдағы мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясының өкілдеріне тиесілі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button