Басты жаңалықЖаңалықтар
Президент Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NewsMedia.kz.
Бұл — Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, — делінген құттықтауда.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанған болатын. Президент Тоқаев Рыбакинаны осы тарихи жеңісімен құттықтаған еді.



