Басты жаңалықСпорт

Азия ойындары: 26 қыркүйекте Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады

Азия ойындарына Қазақстан атынан барлығы 11 боксшы барған

2026 жылғы Азия ойындарында 26 қыркүйек күні Қазақстан құрамасының үш боксшысы жарыс жолына шығады. Олар – Виктория Графеева, Нұрбек Оралбай және Махмұд Сабырхан, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Үш боксшының қарсыластары кім?

1/8 финалда Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта Қытай өкілі Линь Юй-Тинмен кездеседі.

Нұрбек Оралбай 90 келіге дейінгі салмақта Ауғанстан спортшысы Силаб Нуриге қарсы шаршы алаңға шықса, Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта Иран боксшысы Мехди Каземимен жұдырықтасады.

Қазақстан сапында 11 боксшы бар

Азия ойындарына Қазақстан атынан барлығы 11 боксшы барған. Оның алтауы ерлер, бесеуі әйелдер құрамасының өкілдері.

Ерлер арасында:

  • Махмұд Сабырхан – 55 кг;
  • Оразбек Асылқұлов – 60 кг;
  • Төрехан Сабырхан – 70 кг;
  • Сабыржан Аққалықов – 80 кг;
  • Нұрбек Оралбай – 90 кг;
  • Айбек Оралбай – 90 келіден жоғары.

Әйелдер құрамасында:

  • Алуа Балқыбекова – 51 кг;
  • Назым Қызайбай – 54 кг;
  • Виктория Графеева – 60 кг;
  • Аида Әбікеева – 65 кг;
  • Наталья Богданова – 75 кг.

Қазақстандық боксшылардың қазіргі нәтижесі

Бұған дейін Төрехан Сабырхан қатарлық Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен жеңді. Ал Алуа Балқыбекова Үндістан өкілі Сакши Чаудхариді 3:2 есебімен ұтты.

Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Мин Сёнгтен 2:3 есебімен жеңілді.

Назым Қызайбай да 1/8 финалда Қытай боксшысы Ксуа Жаодан жеңіліп, жарысты жалғастыра алмады. Оразбек Асылқұлов Оңтүстік Корея өкілі Донгхван Жангқа есе жіберді.

Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль алған. Ал 2018 жылғы Джакарта және 2023 жылғы Ханчжоу Азия ойындарында Қазақстан боксшылары алтын жүлдеге қол жеткізе алмады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button