ӘлемБасты жаңалық

Александар Вучич 27 қыркүйекте Сербия Президенті қызметінен кетеді

Бұған дейін билік партиясының төрағасы Милош Вучевич Вучичтің Сербия Премьер-министрі лауазымына кандидат болатынын мәлімдеген

Сербия президенті Александар Вучич 27 қыркүйекте қызметінен кетеді. Бұл оның президенттік өкілеттігі аяқталуына шамамен бір жарым жыл қалғанда жүзеге аспақ, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Вучич неге қызметінен кетпек?

Вучич Президент ретінде емес, қатардағы азамат ретінде сайлау науқанының соңғы айын өткізгісі келетінін мәлімдеген. Бұған дейін ол отставкаға кетудің алдын ала мерзімі ретінде 25-26 қыркүйекті атаған болатын.

Мен еліміздің тарихында ең ұзақ уақыт Президент болған адаммын және мұндай мүмкіндікке азаматтарымыздың қолдауынсыз жете алмас едім, – деді Вучич.

Сайлау қашан өтеді?

9 қыркүйекте Александар Вучич Сербияның Халықтық скупщинасын таратып, мерзімінен бұрынғы Парламент сайлауын 25 қазанға белгіледі.

Ал Президент мерзімінен бұрын қызметінен кеткен жағдайда, заңға сәйкес, Мемлекет басшысын сайлау 90 күн ішінде өтуі тиіс.

Вучич қызметтен кеткен соң не істейді?

Сербияның биліктегі Прогрессивті партиясы Вучичті өзінің сайлау тізімінің басына қоюды жоспарлап отыр.

Бұған дейін партия төрағасы Милош Вучевич Вучичтің Сербия Премьер-министрі лауазымына кандидат болатынын мәлімдеген.

Осылайша, президенттік қызметтен кетуі Александар Вучичтің саяси мансабын аяқтамайды. Ол отставкадан кейін де Сербияның саяси өміріне басқа қызметте араласуын жалғастырмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button