Басты жаңалықТехнология

Жасанды интеллект әзірлеген өнімдер таңбалануы тиіс – вице-министр

Мұндай талап адамдар жасанды интеллект жасаған контентті шынайы ақпараттан ажырата алуы үшін енгізілген

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстанда ЖИ көмегімен жасалған видео ғана емес, мәтінге де арнайы белгі қойылуы керек деген пікірде. Егер ЖИ жасаған контент таңбаланбаса, азаматтардың өтініші бойынша тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғазиз Байтұрсынов мұндай талап адамдар жасанды интеллект жасаған контентті шынайы ақпараттан ажырата алуы үшін енгізілгенін айтты.

Қазір кез келген адам жасанды интеллектіні қолданып видео немесе мәтін шығарса да, оны таңбалауы тиіс. Яғни астында немесе видеоның өзінде бұл контенттің жасанды интеллект арқылы жасалғаны көрсетілуі керек. Егер қандай да бір контенттің таңбаланбағаны туралы өтініш түссе, тексеру жұмыстарын жүргізуге дайынбыз, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, ЖИ көмегімен жасалған контент таңбаланғанымен, оның мазмұнында қауіпті ақпарат болса, бұл мәселе Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне жатады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button