Жаңалықтар

Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 40 жастағы ер адамды ұлымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деп айыптады

Жәбірленуші тараптың адвокаты Данияр Сүндетбаев полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отырғанын айтты

Ақтөбеде жасөспірімнің ата-анасы 16 жастағы ұлын 40 жастағы ер адаммен жыныстық қатынасқа түскенін айтып, полицияға арызданды. Жәбірленуші тараптың адвокаты полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасап NewsMedia.kz хабарлайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Боди массаж жасайды»: Бұрынғы әйеліне маза бермеген актер ақыры сотталып кетті

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы ер адам желіде 16 жастағы жасөспіріммен оның қатарласы ретінде танысқан. Ата-анасы болған жағдайды ауруханада баланың аналь тесігінен инфекция анықталғаннан кейін білген. Сөйтіп полицияға жүгінген.

Алайда жәбірленуші тараптың адвокаты Данияр Сүндетбаев полицияның қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отырғанын айтты. Оның сөзінше, құзырлы органның бұл шешіміне жыныстық қатынасқа келісім беру жасы себеп болған.

Редакция Ақтөбе қалалық Полиция департаментінен болған жағдайға қатысты ресми жауап сұрады.

Аталған факт бойынша қазір Ақтөбе қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттерінің барлығы жүргізілгеннен кейін процестік шешім қабылданады, – деп мәлімдеді полициядан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button