Басты жаңалықЭкономика

Үкімет инвестициялық жобаларды іске қосуды жеделдетпек

Табысты жобаларды кеңейту және отандық өнімдерді экспортқа шығару мүмкіндіктерін қатар қарастыру көзделген

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға инвестиция тарту және инвесторлардың жобаларын сүйемелдеу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Жиында инвесторлармен жұмысты жобаның бастапқы кезеңінен бастап, іске қосу, кеңейту және қайта инвестициялауға дейін жүйелі түрде жүргізу мәселесі қаралды.

Үкімет инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті келісу рәсімдерін жеделдетіп, олардың орындалу мерзімін қысқартуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге табысты жобаларды кеңейту және отандық өнімдерді экспортқа шығару мүмкіндіктерін қатар қарастыру көзделген.

Кездесуде инвесторлар мен мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдететін цифрлық құралдарды енгізуге де басымдық берілді. Сырттан капитал тартуға бағытталған инвестициялық саясаттың сыртқы бағыты да талқыланды.

Премьер-министрге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың инвесторлармен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысының нәтижелері таныстырылды. Атап айтқанда, жобаларды инвестиция тарту кезеңінен бастап нысандарды пайдалануға беруге дейін жеткізу көрсеткіштері сараланған.

Бірыңғай инвестициялық вертикаль қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды талқылауға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров, Президент кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты.

Жиын соңында Олжас Бектенов Мемлекет басшысы инвестициялық саясат тетіктерін түбегейлі жаңартуды тапсырғанын айтты.

Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, инвестиция тарту жүйесін жетілдіру бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button