Жаңалықтар

Балиде жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен қазақстандық қыз ұсталды

Барлығы 13 шетелдік – 12 әйел және бір ер адам ұсталған

Индонезияның Бали аралында жезөкшелікке қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Онымен бірге төрт Ресей азаматы және бір Украина азаматы да қолға түскен, деп хабарлайды NewsMedia.kz Antara агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезияның көші-қон қызметі аралдағы үш туристік ауданда арнайы операция жүргізген. Құзырлы органдардың мәліметінше, ұсталған шетелдіктер WhatsApp мессенджері арқылы жезөкшелік қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Рейд Чангу, Умалас және Семиньяк аудандарында өткен. Нәтижесінде барлығы 13 шетелдік – 12 әйел және бір ер адам ұсталған.

Олардың арасында визасының мерзімі өтіп кеткен Нигерияның жеті азаматы бар.

Ұсталғандарға не болады?

Индонезия билігінің мәліметінше, ұсталған шетелдіктердің барлығына депортация жасалып, елге бес жылға кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Сонымен қатар оларға қатысты қылмыстық іс қозғалуы да ықтимал.

Басқа жаңалықтар

Back to top button