Қоғам

«Тістерімді түсіріп тастады»: Танымал блогердің бірінші әйелі отбасындағы жанжал туралы айтты

Ильнура Ғалымованың сөзінше, бір кездері Айтуған Ғалымов отбасына екінші әйел алу туралы әңгімені жиі қозғай бастаған

Блогер Айтуған Ғалымовтың бірінші жары Ильнура Ғалымова отбасылық өміріндегі ауыр жағдайлардың бірін айтып берді. Оның мәлімдеуінше, күйеуі екінші әйел алу мәселесіне байланысты жанжал кезінде оған қол көтеріп, соққыдан тістері түсіп қалған. Бұл туралы ол НТК Show бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қыз зорлап, кісі өлтірген жоқ»: Гүлзира Айдарбекова Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдірді

«Боди массаж жасайды»: Бұрынғы әйеліне маза бермеген актер ақыры сотталып кетті

«Екінші әйел алсаңыз, мен кетіп қаламын дедім»

Ильнура Ғалымованың сөзінше, бір кездері Айтуған Ғалымов отбасына екінші әйел алу туралы әңгімені жиі қозғай бастаған.

Ол бір күні күйеуінен екінші әйелінің қандай адам болуы керектігін сұрағанын айтты. Алайда бұл сұрақ Айтуған Ғалымовтың ашуына тиген.

«Бір күні одан: “Егер тоқал алсаңыз, ол қандай қыз болуы керек?” деп сұрадым. Ол осы сұрағыма қатты ашуланды. “Неге мұндай сұрақ қойып тұрсың? Егер тоқал алғым келсе, бәрібір аламын” деді», – деді Ильнура.

Оның айтуынша, ол күйеуінің екінші әйел алуына қарсылық білдіріп, мұндай жағдайда балаларын алып, үйден кететінін айтқан.

«Мен “Жоқ, алмайсыз. Егер алатын болсаңыз, мен балаларды алып, кетіп қаламын” дедім. Сөйтіп киімдерімді жинауға бара жатқанда арамызда қатты ұрыс басталды. Ол мені қатты ұрып, тістерімді түсіріп тастады», – деп мәлімдеді ол.

«Ташкентке тісімді емдетуге бардым»

Ильнураның айтуынша, жанжалдан кейін келесі күні Айтуған Қытайға кеткен. Кейін оған ақша жіберген.

«Ертесіне ол Қытайға кетті. Маған ақша салып жіберді. Мен омыраудағы баламды алып, Ташкентке тісімді емдетуге бардым», – деді блогердің бұрынғы жары.

Ол бұл жанжалдың балаларға қатысты болмағанын атап өтті. Ильнураның айтуынша, сол кезде Айтуған Ғалымов пен кейін оның екінші жары болған Әсем қыз-жігіт ретінде араласқан.

«Мені мүгедек қыламын деді»

Ильнура сұхбатында күйеуінің өзіне қорқыту сипатындағы сөздер айтқанын да мәлімдеді.

«Маған “Менен ажырасып кететін болсаң, басқа еркекке қарайтын болсаң, басқа еркек саған қарамайтындай етіп сені мүгедек қыламын” деді», – деді ол.

Ильнура өзінің бастапқыда екінші әйел алуға қарсы екенін ашық айтпағанын да мойындады. Оның сөзінше, кейін бұл шешімге келісуге мәжбүр болғандай сезінген.

Айтуған Ғалымов екінші рет кімге үйленді?

Бұған дейін әлеуметтік желіде Erkewoka атымен танымал Әсем ұзатылу тойынан кадрлар жариялап, тұрмысқа шыққанын хабарлаған. Кейін желі қолданушылары оның Айтуған Ғалымовпен отбасын құрғанын анықтап, бұл жағдай қызу талқыланған.

Айтуған Ғалымовтың өзі де кейін екі отбасы бар екенін ашық айтқан.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Бір өліп, бір тірілдім»: Депутат бола алмай қалған Аша Матай жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

“Қайдағы Құрылтай саған!?”: ақтөбелік емші Тамара Асар мен Аша Матайға шүйлікті

«Тұрсынбектен дұрыс құтылған»: Мөлдір Мұқанова бейтаныс ер адаммен түскен фотосын жариялады

«Иә, менің екі отбасым бар. 15 миллион теңге қарызым бар, Аллаға шүкір! Кім не десе де, мен Алламен шыншылмын. Қандай болсаң да, адамға бәрібір жақпайсың», – деп жазған блогер.

Кейін ол екінші әйел алуға ислам дінінде рұқсат бар екенін айтып, өз шешімін осылай түсіндірген.

Ал Ильнура Ғалымова Әсеммен бірге түскен видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, кейін өшіріп тастаған.

Жақында Әсем өзінің жүкті екенін де жариялаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button