Басты жаңалықЖаңалықтар

«Нақты соманы айтуға шектеу бар»: Халық кеңесі мүшелерінің жалақысы құпия болып қалды

Қазақстанның Халық кеңесі – халықтың мүддесін білдіретін және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын жоғары конституциялық консультативтік орган

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Халық кеңесі мүшелеріне қанша жалақы төленетінін нақты айтпады. Оның сөзінше, төлем мөлшері бюджет саласы қызметкерлеріне арналған бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес белгіленеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Журналистер брифинг барысында Халық кеңесі мүшелерінің еңбекақысы туралы сұрақ қойды.

Қаржы вице-министрінің жауабы

Абзал Бейсенбекұлы кеңес мүшелерінің еңбекақысы бюджет саласы қызметкерлеріне арналған бірыңғай жүйе бойынша төленетінін айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Халық кеңесінің қашан жасақталатыны белгілі болды

«Жазбаша жауап қабылданбайды»: Құрылтайда Дания Еспаева вице-министрге ескерту жасады

«Барлығы бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес алады. Бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесінің өзі қызметтік пайдалану үшін арналған. Сондықтан кім қанша алатынын, нақты сомаларды жариялауға шектеу бар», – деді вице-министр.

Журналистер қазақстандықтар Халық кеңесі мүшелеріне төленетін нақты соманы кейін біле ала ма деп нақтылады. Алайда вице-министр ақпараттың мәртебесіне сілтеме жасап, нақты жауап бермеді.

Халық кеңесі деген не?

Қазақстанның Халық кеңесі – халықтың мүддесін білдіретін және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысатын жоғары конституциялық консультативтік орган.

Халық кеңесін құруға қатысты конституциялық заң 2026 жылғы маусымда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енді.

Кеңес құрамына 126 адам кіреді. Оның 42 орны этномәдени бірлестіктер, қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдеріне, тағы 42 орын мәслихаттар мен елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың қоғамдық кеңестері өкілдеріне қарастырылған.

Халық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі – төрт жыл.

Орган ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге, заң шығару процесіне қатысуға, референдум өткізу туралы бастама көтеруге және қоғамдық бақылау жүргізуге құқылы.

Еске салсақ, бұған дейін қазіргі Құрылтай депутаты Ерлан Саиров Халық кеңесінің мүшелері жалақы алмайтынын айтқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button