Жаңалықтар

Астанада тұрғын үй кешенінде пәтер өртенді (ВИДЕО)

Төтенше жағдай туралы 112 қызметіне сағат 03:45-те хабар түскен

Астанада «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар екі адамды құтқарып, тағы бес адамды эвакуациялады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Өрт 20 қыркүйекке қараған түні Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде орналасқан 14 қабатты тұрғын үй кешенінде болған. Төтенше жағдай туралы 112 қызметіне сағат 03:45-те хабар түскен.

ТЖД мәліметінше, өрт пәтер мен лоджияны шарпыған. Құтқарушылар оқиға орнына келгеннен кейін екі адамды қауіпсіз жерге шығарған, тағы бес тұрғын эвакуацияланған.

Өрт сағат 04:13-те оқшауланып, 04:22-де толық сөндірілген. Жалын 15 шаршы метр аумаққа тараған. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен алты техникасы жұмылдырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button