Басты жаңалық

Астананың алдағы бес жылға арналған даму жоспары қабылданды

Бүгін өткен Астана мәслихатының кезекті отырысында елордамыздың 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары мақұлданды.

Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың айтуынша, бұл құжат — қаланың алдағы бес жылдағы дамуын айқындайтын маңызды стратегиялық жоспар.

Жоспарда үш негізгі басымдық белгіленген:

  1. Бәсекеге қабілетті қала құру
    – Инвестиция тарту
    – Бизнеске қолайлы жағдай жасау
    – Халықтың өмір сапасын арттыру

  2. Адам капиталының дамуы
    – Білім беру сапасын көтеру
    – Денсаулық сақтау жүйесін жақсарту
    – Азаматтардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету

  3. Жайлы қалалық орта қалыптастыру
    – Экологияны жақсарту
    – Қауіпсіз әрі қолайлы инфрақұрылым құру
    – Қалалық сервистерді бір экожүйеге біріктіру

Евгений Глотов 2030 жылға дейінгі жоспарланған негізгі көрсеткіштерді де атады:

  • Өңірлік жалпы өнімді екі есеге арттыру, жалпы көлемін 30 трлн теңгеге жеткізу;

  • Инвестиция көлемін жыл сайын 1 трлн теңгеге өсіріп, 2030 жылға қарай жалпы 26,3 трлн теңгеге жеткізу;

  • Өңдеу өнеркәсібі экспортын кемінде 28,6 млрд долларға дейін көбейту;

  • Туристер санын 2,8 млн адамға дейін жеткізу, жыл сайынғы өсім кем дегенде 5% болуы тиіс.

Сонымен қатар жоспарға еңбек өнімділігін арттыру, ШОБ-ты дамыту, инновацияларды енгізу бағыттары кіреді.

Білім беру саласында:
– мектептердің жайлылығын халықаралық стандарттарға жеткізу,
– жаңа мектептер салу,
– үш ауысымды оқытудан толық бас тарту жоспарланған.

Денсаулық сақтауда:
– медициналық мекемелер санын арттыру,
– жаңа инновациялық емдеу тәсілдерін енгізу көзделген.

Әлеуметтік қорғау саласында:
– әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру,
– инклюзивті орта қалыптастыруға басымдық беріледі.

Қаланың жайлы ортасын дамыту бағытында:
– көлік жүйесін жақсарту,
– энергетика және коммуналдық желілердің қуатын арттыру,
– экологиялық жағдайды жақсарту,
– цифрлық шешімдер арқылы қаланы тиімді басқару қарастырылған.

Бұл жоспар елорданың тұрақты дамуына, халықтың өмір сапасын жақсартуға және Астананы нағыз заманауи, инновациялық мегаполиске айналдыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button