Paraqta ботын қолданушылар саны 1000-ға жетті

Бұған дейін біз таныстырған Paraqta ботын қолданушылар саны 1000-ға жетті. Бұл жай ғана цифр емес, еліміздің әр түкпірінен жиналған оқырмандарды біріктірген ортақ кеңістік. Қолданушылардың басым бөлігі Астана қаласында, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Ақтау, Атырау, Орал және Қызылорда қалаларынан белсенді оқырмандар бар. Нақтырақ айтсақ:
Астанада — 530
Алматы — 130
Шымкент — 57
Қарағанды — 30
Ақтөбе — 30
Түркістан — 29
Ақтау — 24
Атырау — 23
Орал — 20
Қызылордадан — 19 оқырман тіркелген.
Бұдан бөлек, Paraqta Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, АҚШ, Италия және Үндістан елдерінде де қолданылуда.
Бұл көрсеткіш Paraqta-ның бір қаланың немесе бір адамның жобасы емес екенін, ел көлемінде ортақ оқу әдетінің қалыптасып келе жатқанын аңғартады. Әртүрлі қала мен елдердегі оқырмандардың бір алаңда жиналуы — кітап оқуға деген қызығушылықтың қайта жанданып жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар Paraqta аясында өткен 3 күндік кітап оқу марафоны өз нәтижесін берді. Үш күн бойы қатысушылар Дулат Исабековтің «Сүйекші» шығармасын бірге оқып, ой бөлісті. Марафон барысында чатта 260 адам белсенді болды, ал үшінші күні бір уақытта 129 қатысушы Quiz тапсырмаларына қатысты. Қызу талқылаулар мен терең пікірлер марафонның мазмұнды өткенін көрсетті.
Paraqta-ның басты мақсаты — адамдарды кітапқа қайта жақындату, оқуды қысымсыз түрде бастау және оны тұрақты әдетке айналдыру. Бұл марафон сол мақсатқа жасалған алғашқы нақты қадамдардың бірі болды. Алдағы уақытта жаңа оқу марафондары, жеке оқу статистикасы мен оқуды жүйелі әдетке айналдыратын форматтар іске қосылады.



