«Мақта қыз бен Аппақтың» хикаясы: балаларға базарлық
20 — 21 желтоқсан күндері 2025 жыл — Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау аясында KazMedia Hall концерт залында балаларға арналған жаңа жылдық «Мақта қыз бен Аппақтың хикаясы» атты қойылым өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды.
«Мақта қыз бен Аппатың хикаясы» — бұл тек қызықты жаңа жылдық қойылым ғана емес, сонымен қатар балалардың достықты қадірлеп, экологиялық санасын қалыптастыруға, білім мен жақсылықтың маңызын арттураға бағытталған маңызды тәрбиелік жоба. Спектакльдің сюжеті жаңа жылдық ғажайыпты сақтап қалу үшін басты кейіпкерлер мен олардың достарының басынан кешкен оқиғасына құрылған. Басты кейіпкерлер қазақ халық ауыз әдебиетінен алынған және елімізде мекендейтін жануарлар мен танымал мультфильм кейіпкері мен IT саласының маңызын көрсететін ұл бала кейпінде ұсынылды.
Жобаның әлеуметтік маңызына ерекше көңіл бөлінген. Спектакль көрермендері қатарында әлеуметтік осал топтағы балалар болды. Олар «Мейірімді жүрек», «Истоки добра», «Жақсылық жаса», №41 мектеп пен «Әлия» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы балалар. Қызыққа толы қойылымда ән мен би балалармен интерактив өткізілді. Екі күнде қойылымды екі мыңнан аса бала тамашалады.



