Қоғам

2026 жылы бала туу мен 1,5 жасқа дейін күтім жасауға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар өзгертілді

2026 жылы Қазақстанда бала тууына және 1,5 жасқа дейін бала күтіміне байланысты мемлекеттік төлемдер айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жаңа мөлшеріне сай есептеледі. Келесі жылы АЕК 4325 теңге болып белгіленді.

Бала тууына берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері:
– бірінші, екінші және үшінші балаға — 38 АЕК, яғни 164 350 теңге;
– төртінші және одан кейінгі балаларға — 63 АЕК немесе 272 475 теңге.

Аталған төлемді Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, сондай-ақ елде тұрақты тұратын шетел азаматтары ала алады. Жәрдемақы асырап алынған немесе қамқоршылыққа алынған балаларға да қарастырылған.

1,5 жасқа дейін бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
– бірінші балаға — 5,76 АЕК (24 912 теңге);
– екінші балаға — 6,81 АЕК (29 426 теңге);
– үшінші балаға — 7,85 АЕК (33 901 теңге);
– төртінші және одан кейінгі балаларға — 8,90 АЕК (38 493 теңге).

Бұл ай сайынғы жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын, яғни әлеуметтік аударымдар жасалмайтын отбасыларға төленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button