Атырауда бүтін бір отбасы жоғалып кетті: күдіктіге іздеу жарияланды

Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атырау облысындағы жоғалған отбасындағы екінші қыздың ізі табылды
Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы ел естімеген дерек шықты
Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр.
25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, – деп мәлімдеді ПД.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Көрші елде нөмір қосылған»: Атырауда жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты
Атырауда жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты
Фото: ашық дереккөз



