Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да лауазымды қызметке тағайындалды

Ғабидолла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бірақ ол «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқармасының құрамына мүше болып кірмейді.
Ғабидолла Әбдірахымовтың экономикалық және басқарушылық білім бар. Оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін иеленген. Президент әкімшілігінде, Үкіметте жоғары қызметтер атқарды, Шымкент әкімі және мәдениет және спорт вице-министрі болды, – делінген хабарламада.
Еске салайық, Ғабидолла Әбдірахымов 2021 жылы қыркүйекте сол кездегі Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен кеткен соң мемлекеттік қызмет атқарған жоқ.
Фото: instagram.com/gabidullaabdrakhimov



