Астанада LRT жүйесіне жұмысшылар қабылдау басталды

Астанадағы LRT жүйесін басқарушы компания жұмысшылар мен қызметкерлерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Мекеме жұмысшыларды өз есебінен оқытуды жоспарлап отыр. Оқу Астанада өтіп, 4 айға дейін созылады. Үміткерлерден техникалық білім мен 1-3 жылға дейін еңбек өтілі талап етіледі.
Қазіргі уақытта компания пойыз машинистері, станция кезекшілері, қауіпсіздік менеджерлері және жылжымалы құрамды жөндеу, байланыс жүйелері, мүлікті басқару, электр-механикалық бағыттар бойынша бірнеше бос жұмыс орындарын ұсынады.
Айта кетейік, түйіндемелер ресми сайт арқылы қабылданады.
Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:
ғимараттар мен қорғау аймағын күтіп ұстау менеджері;
күзетілетін аумақтың аға инспекторы;
ғимараттарды жөндеу шебері.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:
техникалық жүйелер менеджері;
сапа менеджері;
өрт қауіпсіздігі жөніндегі менеджер;
Мүлікті басқару бөлімі:
қойма менеджері;
әкімшілік басқару менеджері;
қойма шаруашылығы технигі;
Кешенді басқару бөлімі:
бөлім басшысы;
кешенді және оқу басқармасының менеджері;
өндіріс менеджері;
экономика менеджері;
әкімшілік басқару менеджері;
әкімшілік-шаруашылық жөніндегі менеджер;
нысандар мен жабдықтарды басқару менеджері;
станция ауысымының басшысы;
станция кезекшісі.
қауіпсіздік менеджері;
сапа менеджері;
өндіріс диспетчері.
Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:
өндіріс диспетчері;
техникалық тексеру және ағымдағы жөндеу слесары;
жоспарлы жөндеу слесары;
жабдықтарды жөндеу слесары;
Пойыз бригадалары бөлімі:
қозғалыс менеджері;
жол техникасының аға машинисі;
жол техникасының машинисі;
Басқару және байланыс жүйелері қызметі:
қауіпсіздік менеджері;
байланыс шебері;
дабыл жүйесі шебері;
дабыл жүйесі технигі;
Электрлік-механикалық қызмет:
жөндеу шебері;
жөндеу слесары;
Электрлік жөндеу қызметі:
энергетик;
электр монтері.
Жолдар мен құрылыс жайларды пайдалану қызметі:
жол монтері;
көпір желісі монтері.
Фото: Астана қаласы әкімдігі



