Басты жаңалықҚоғам
Оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды

Бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер де қашықтан оқиды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдегендей, 2026 жылдың 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты елордалық мектептердің бірінші ауысымындағы 0-11 сынып оқушылары және студенттер де қашықтан оқу форматына көшеді.
2026 жылғы 15 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп жазды басқарманың сайты.
Фото: BAQ.KZ



