Басты жаңалықҚоғам

Халықаралық іздеу жарияланған «хакер» маңызды мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілерде Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасының ісіне қатысты түрлі болжамдарды таратып жүрген, өзін “хакер” деп таныстырған азаматқа халықаралық іздеу жарияланды. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атыраудағы трагедия: Отбасының кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды

Атыраудағы трагедия. Марқұмдардың туыстары күдікті күйеубаланың түрін сипаттап бере алмаған

Желі қолданушыларына “Атыраулық хакер “атымен белгілі ер адам өзінің халықаралық іздеуде жүргенін бұған дейін өзі де ашық айтқан. Кейін бұл мәліметті Атырау облыстық полиция департаменті ресми түрде растады.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, аталған азаматқа қатысты іздеу жұмыстары алаяқтық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері бұл істің Атырау облысында жоғалған отбасыға байланысты қозғалған қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ екенін нақтылады.

Алдын ала деректерге сәйкес, күдікті қазіргі таңда шетел аумағында жүр.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Сұлтан мен Ақбаян ажырасқан»: Атыраудағы трагедияға қатысты тағы бір дерек шықты

«Ешқашан фотоға түспеген, намазхан»: Атыраудағы трагедия ісіне күдікті туралы сұмдық жайт

Осы жағдайға байланысты “хакер” өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдіріп, өзіне тағылған айыптауларға түсінбей отырғанын жазды.

2 миллион 500 мың теңге қарыз үшін адамды Интерпол арқылы іздеуге бергенін бұрын көрмеппін. Іздеу жарияланған кезде бұл сома нақты көрсетілген. Ал бұл ақшаның кімге қарыз екені туралы ҰҚК-нің бір қызметкері үйіме келіп, арыз жазуымды талап етті. Бұл не жағдай өзі? Команданы шақыруға тура келді, мәселелерді өзіміз шешіп жатырмыз, – деп жазды ол.

Коллаж: arasha.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button