Спорт

Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирінің төртінші айналымына өтті

Ол өткен жылы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында чехиялық жас спортшыны 6:3, 7:6 (9:7) есебімен ұтқан еді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды NewsMedia.kz. 

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 54-ракеткасы, 18 жастағы чехиялық Тереза Валентовамен бетпе-бет келді.

Елена Рыбакина өткен жылы АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында чехиялық жас спортшыны 6:3, 7:6 (9:7) есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы Валентова матчты брейкпен бастағанымен, Рыбакина есесін жібермеді – 6:2. Екінші сетте Елена 5:3 есебімен алға кетті. Сосын матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:3.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Валентова 4 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 21-ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен таласады. Ол үшінші айналымда рейтингіде 126-орындағы чехиялық, 19 жастағы Никола Бартунькованы жеңді – 6:0, 6:4.

Фото: tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button