“Тәніміздің сұлулығын ашатын әңгіме айтамыз”: Кәмшат Жолдыбаева әйелдер жамағатын құрмақ
Комьюнитиге қосылатын қыз-келіншектерді өзі іріктеп алады

KeshYou тобының экс-мүшесі, әнші Кәмшат Жолдыбаева өзінің Instagram-парақшасында әйелдерден құралған жамағат құратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы комьюнитиге қосылатын қыз-келіншектерді өзі іріктеп алмақ екен, деп жазады NewsMedia.kz.
Әйелдер шабыт пен энергия алады
Қыз-келіншектерді іріктеп алып, бір ай шамасында бірнеше рет кездесіп, әдемі әйел жамағатын құрғым келеді. Ол жерде тәніміздің, табиғатымыздың сұлулығын ашатын әңгіме айтамыз. Бәлкім, топтық консультация түрінде өтіп қалар. Одан кейін тыныс алу, созылу, би билеу сияқты практикалармен жалғасатын керемет кездесулер өткізгім келеді. Бұл әзірге тек ниет ретінде бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы жерге келгенде әйелдер шабыт алып, жақсы энергия алатын кездесулер өткізсем деймін, – деп жазды Жолдыбаева.
Желі қолданушыларының пікірі қандай?
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікірлер қалдырып жатыр. Олардың қатарында әншіні қолдап, жақсы бастама екенін айтып жатқандар көп. Алайда “жамағаты несі”, “жамағат дегені ұнамайды” деп шүйлігіп жатқандар да жоқ емес.
“Хиджабты қалай шешу туралы, сосын жамағат жинап, артынан уағыз айтып, оның артынан би билеп дискотекаға барамыз ба сонда, не істейміз? Ақыл-кеңесіңізді тыңдағанға ақша төлейміз бе?”, “Жамағат деген сөзді айту үшін ойлану керек шығар”, “Әніңді айтып жүре берсейші”, “Әйел жамағат бола алмайды”, – деп жазған олар.
Фото: ашық дереккөз



