Жаңалықтар

Жаңаөзенде ауруханада жас дәрігерді пышақтап өлтірді

Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні шамамен 14:00-ге қарай болған

Жаңаөзен қаласында ауруханада 29 жастағы терапевт-дәрігер пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 28 қаңтар күні шамамен 14:00-ге қарай болған. Белгісіз ер адам медицина қызметкеріне шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан. Дәрігер алған жарақаттарынан көз жұмды.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға  отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Күдікті полицияға өз еркімен барып, кінәсін мойындаған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button