7 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Астанада түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -16…-18°, күндіз -13…-15°

Синоптиктер 7 ақпан, сенбі күні Қазақстан қалаларында қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде құбылмалы бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Елдің орталық өңірлерінде қар, жаяу бұрқасын және төменгі боран күтіледі.
Батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Дегенмен тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Ал шығыс өңірлерде қар, боран және көктайғақ болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астана – құбылмалы бұлтты. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -16…-18°, күндіз -13…-15°.
Алматы – құбылмалы бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауады. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде -2…-4°, күндіз 0…+2°.
Шымкент – құбылмалы бұлтты. Түннің алғашқы жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Кей уақытта тұман. Түнде -1…-3°, күндіз +4…+6°.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°, күндіз +4…+6°.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнде -2…-4°, күндіз 0…+2°.
Талдықорған – бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман мен көктайғақ болады. Түнде және күндіз -0…-2°.
Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерде тұман мен көктайғақ. Түнде -10…-12°, күндіз -3…-5°.
Тараз – құбылмалы бұлтты. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Түнде -1…-3°, күндіз +2…+4°.
Ақтау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшеюі ықтимал. Түнде -6…-8°, күндіз 0…+2°.
Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -13…-15°, күндіз -4…-6°.
Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман мен көктайғақ болады. Түнде -19…-21°, күндіз -9…-11°.
Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Түнде -23…-25°, күндіз -14…-16°.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты. Түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз аздаған қар жауады. Жолдарда көктайғақ. Түнде -12…-14°, күндіз -10…-12°.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, түнде аздаған қар. Түнде -16…-18°, күндіз -8…-10°.
Қостанай – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -24…-26°, күндіз -13…-15°.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -20…-22°, күндіз -13…-15°.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -21…-23°, күндіз -13…-15°.
Павлодар – бұлтты. Түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз аздаған қар жауады. Түнде және күндіз -13…-15°.
Семей – бұлтты. Түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ болады. Жел күшеюі мүмкін. Түнде және күндіз -3…-5°.
Өскемен – бұлтты. Қар жауып, боран мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні артуы мүмкін. Түнде және күндіз 0…-2°.



