“Айтқанын ұмытып қалатын науқас”: Мұхтар Шахановтың келіні ақынды мазаламауды өтінді
Ол атасы қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар екенін айтты

Өзін “ақын Мұхтар Шахановтың келінімін” деп таныстырған Жаңагүл Өмірбекова facebook-парақшасында атасының денсаулығына қатысты мәлімдеме жасап, ақынды мазаламауды өтінді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Ол Мұхтар Шаханов қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар екенін айтты.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Елдің зиялыларын бұлай қорлауға болмайды!»: Танымал қаламгер шенеуніктерге шүйлікті
Қазақ тілінің ертеңіне көзі ашық қауым алаңдап отыр – Талғат Теменов
“Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айрылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!” – деп жазды Жаңагүл Өмірбекова.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шахановтың еліміздің жаңа Конституциясының жобасын қолдайтынын айтқан видеосы жарияланған болатын.

Фото: ашық дереккөз



