Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» бағдарламасы рейтингте көш бастады
Бірнеше онлайн платформада және жаңа медиа аккаунттарында бір уақытта тікелей трансляция 102 миллион көрерменнің басын қосты

Димаш Құдайберген орындаушы продюсері атанған «Voice Beyond Horizon» музыкалды реалити- шоуының алғашқы эпизоды экранға шыққан алғашқы күні-ақ көрермендерді жаулап, рейтинг көсбасшысы атанды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Dimashnews.kz сайтының жазуынша, шоу тұсаукесері халықаралық БАҚ арасында кең ауқымды резонанс тудырып, сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың орталық медиа тарапынан және серіктес платформалар жағынан қолдау тапты.
Музыкалық бағдарламаның трансляциясын жүзеге асыратын Hunan TV телеарнасының есебі бойынша, қытайдың CVB (China Audiovisual Big Data) аймақтық жерсеріктік телеарна желісі, CSM (China Media Research) ұлттық желісі және CSM71 қалалық желісі арасында бірінші орынға шығып, жоғарғы рейтинг көрсеткішін жаулап алған , сонымен қатар нақты уақыт режиміндегі KuYun және Huanwang аймақтық жерсеріктік телеарналар рейтінгінде бірінші орынды иеленді.
«Voice Beyond Horizon» бағдарламасы орталық БАҚ және елшіліктердің бір уақытта жүргізген тікелей трансляция бағытындағы жол салушысы атанды, атап өтсек, Қазақстанның Қытайдағы елшілігі және China Daily газеті бағдарламаның алғашқы эпизодын бірлескен эфирде өткізді. Бағдарлама Қазақстан елшілігі және Қытайдың Малайзиядағы елшілігі сияқты ұлттық мекемелер және жетекші БАҚ тарапынан бірауыздан мақұлданды. Сонымен қатар бағдарлама Audiovisual China, People’s Daily English Client, China Daily және ресми БАҚ атынан бірыңғай мақтауға ие болды.
Бірнеше онлайн платформада және жаңа медиа аккаунттарында бір уақытта тікелей трансляция 102 миллион көрерменнің басын қосты. Тұсаукесер желіде 143-тен астам трендті тақырыптың ауқымын қамтыды және желідегі танымалдығы артуда.
Жобаның бастаушысы Димаш Құдайбергеннің және алты елден келген сегіз әртістің әсерлі өнер көрсетуі әлемге Ұлы Жібек Жолының симфониясын тарту етті.
Фото: дереккөз



