Жаңалықтар
LRT-ның жаңа тармағы: Астанада дайындық жұмыстары басталды
Қазір инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр

Астанадағы Шыңғыс Айтматов көшесінде LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға байланысты дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазір инженерлік-геологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр.

Шыңғыс Айтматов көшесі бойымен өтетін LRT жобасының екінші кезеңіне арналған техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау аясында топырақтың құрамы мен қасиетін анықтау үшін инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары атқарылып жатыр, – деді компания өкілдері.
Компания мәліметінше, бұл жұмыстар LRT желісін әрі қарай жобалау және қандай техникалық шешім қолданатынын анықтау үшін қажет.
Фото: Tengrinews.kz/Маржан Қуандықова



