Жаңалықтар

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 9 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін Астанада күн бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің ірі қалаларында күн райы айтарлықтай құбылмалы болады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Астана қаласы бойынша:

9 ақпанда күн бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз -1…+1°C.

10 ақпанда көшпелі бұлтты, мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, бұрқасын соғып, көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C шамасында болады.

Алматы қаласы бойынша:

9 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +7+9°C жылы.

10 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +1+3°C, күндіз +8+10°C.

Шымкент қаласы бойынша:

9 ақпанда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5+7°C, күндіз +14+16°C.

10 ақпанда күн бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6+8°C, күндіз +10+12°C болады.

Фото: istockphoto.com

Басқа жаңалықтар

Back to top button