Жаңалықтар

“Уақыт бәрін өз орнына қояды”: Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады

Ол барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді

Танымал комик, стендапер Нұрлан Сабуров әлеуметтік желіде соңғы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Алматыға келді

 Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды

Әзілкеш Instagram парақшасында жариялаған жазбасында қалыптасқан ахуалға түсініктеме беруден бас тартатынын айтып, барлық мәселе заң аясында шешілетінін жеткізді.

Қазіргі жағдайға пікір білдірмеймін. Заңгерлер бар, олар барлық құзырлы органдармен өз деңгейінде жұмыс істейді. Уақыт бәрін өз орнына қояды, – деп жазды Сабуров.

Сонымен қатар әзілкеш өзінің шығармашылық жолына тоқталды. Айтуынша, стендап-комик ретіндегі жолын шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте бастап, кейін Мәскеуде жалғастырған. Осы жылдар ішінде Ресейдің көптеген қалаларында өнер көрсетіп, көрермендердің әрдайым жылы қабылдағанын атап өтті.

Маған шығармашылық дамуға мүмкіндік берген, әртіс ретінде қалыптасуыма жол ашқан елге алғысым шексіз. Мен Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты аудитория жинай алдым. Баршаңызға рақмет, – деді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Сабуров журналистерге, блогерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жеке өміріне құрметпен қарауды сұрады.

Отбасымның, жұбайым мен балаларымның, ата-анам мен жақындарымның жеке өміріне құрметпен қарауларыңызды өтінемін. Баршаңызға амандық тілеймін, – деп түйіндеді ол.

 

Фото: instagram.com/labelcomedians

Басқа жаңалықтар

Back to top button