Басты жаңалықЖаңалықтар

Бас прокуратура белгілі әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты жағдайға пікір білдірді

Ғалымжан Қойгелдиев бұл мәселе бойынша нақты пікір білдіре алмайтынын түсіндірді.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Нұрлан Сабыровқа қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Уақыт бәрін өз орнына қояды»: Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады

 Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Алматыға келді

 Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды

Журналистер Мәжіліс кулуарында Ғалымжан Қойгелдиевтен бұл жағдайға қатысты қандай шешім қабылданғаны сұрады.

Ол бұл мәселе бойынша нақты пікір білдіре алмайтынын түсіндірді.

Біріншіден, шетелдік органдардың шешіміне біз пікір білдіре алмаймыз. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жүрген ақпараттың бәрі тексеріліп жатыр. Ол зерттеуді қажет етеді. Ал БАҚ-та айтылып жүрген Қылмыстық кодекстің 170-бабы (Жалдамалылық) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретіне жатады, – деді Бас прокурордың орынбасары.

Фото: instagram.com/labelcomedians

Басқа жаңалықтар

Back to top button