«Сарказммен, эмоциямен жаздым»: Депутат Самат Нұртаза қазақ тілі туралы пікіріне қатысты мәлімдеме жасады
«Қазақ тілі — кедейлердің, сіңірлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі»

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желілерде резонанс тудырған қазақ тілі туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды NewsMedia.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Интернет кеңістігінде депутаттың «қазақ тілі — кедейлердің, сіңірлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі» деп жазған пікірінің скриншоты тарап жатыр.

Бұл мәліметтің анық-қанығын депутаттың өзі түсіндірді. Самат Нұртаза бұл жазбаның бірнеше жыл бұрын жазылғанын растады.
Бұл пікірді мен 2019–2020 жылдары эмоцияға беріліп, ашу үстінде және сарказммен жазған болатынмын. Біреулер бұл сөзді контекстен жұлып алып, мағынасын бұрмалаған. Бұл скриншот жыл сайын дерлік қайта шығып отырады, – деді ол.
Сонымен қатар депутат осы мәселеге байланысты бүгін ресми мәлімдеме жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді.



