«Үнемі біргеміз»: Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасы жайлы сұраққа нүкте қойды
«Иә, әрине, бірге демалдық...»

Белгілі актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынасы туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, екеуі екі жылдан бері бірге екен, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
«Время» газетіне сұхбат берген актер жеке өмірінде Дариғаның орны ерекше екенін жеткізген.
Менің өмірімде он жылдық үзіліс болды. Алға жылжи алмадым, күш жетпеді. Тіпті кейде өзімді артист екенімді ұмытып кететінмін. Сол кезде Құдай маған Дариғаны жібергендей болды. Әрдайым айта бермеймін, бірақ ішімнен оған ризамын, — деді Олжас Абай.
Ол өздерін шығармашылыққа деген үлкен қызығушылық табыстыратынын айтты.
Екеуміз де қызуқанды, екеуміз де лидер. Кейде түске дейін жиырма рет ұрысамыз, кейде күні бойы сөйлеспейміз. Бірақ бізді ортақ шығармашылыққа деген үлкен қызығушылық табыстырады, — деді актер.
Олжас Абай Дариға Бадықовамен бірге Мальдив аралдарындағы демалысы жайлы сұраққа да тосылған жоқ.
Иә, әрине, бірге демалдық. Біз төрт жылға жуық бірге жұмыс істеп келеміз, соңғы екі жылда үнемі біргеміз, — деді ол.
Алайда «ерлі-зайыптысыздар ма?» деген сұраққа нақты жауап беруден қашқақтаған.
Жеке өмір туралы осы жерден тоқтайық. Кім көрді — өзі ойласын. Қарым-қатынас бар ма, жоқ па, жарияламаймыз деп келістік. Егер бәрін ашық айтсақ, адамдардың қызығушылығы басылады, – дейді Олжас Абай.
Фото: ашық дереккөз



