Басты жаңалықҚоғам

Атыраудағы трагедия: Марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды

Күні кеше марқұмдардың күйеу баласы мен қызы Ломбок аралында ұсталған еді

Атырау облысында жұмбақ жағдайда көз жұмған марқұмдардың Индонезияда ұсталған қызы да күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Айта кетейік, күні кеше марқұмдардың күйеу баласы мен қызы Ломбок аралында ұсталғаны хабарланған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атыраудағы трегадия: Күдікті мен марқұмның қызы Индонезияда ұсталды

Келіншек бұған дейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер қатарында болған еді.

Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: күдіктінің балалары мемлекеттік қорғауға алынды
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікті Индонезиядан ұсталды
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Полиция күдіктінің қайда екенін білетінін және жақын арада тұтқындайтытын хабарлаған болатын.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button