Басты жаңалықЖаңалықтар

Ким Чен Ынның 13 жастағы мұрагер қызы елдің ядролық күштерін басқарады

Ол жоғары шенді әскери қызметкерлерден есеп қабылдап, нақты тапсырмалар береді

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын өзінің 13 жастағы қызы Ким Чжу Э-ге елдің ядролық және зымыран бағдарламасына қатысты жауапты міндет жүктегені туралы ақпарат тарады. Бұл жайт оның болашақта билік мұрагері болуы мүмкін деген болжамдарды күшейте түсті, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Оңтүстік Кореяның The Chosun Daily басылымының хабарлауынша, Ким Чжу Э-нің нақты лауазымы ресми түрде жарияланбаған. Алайда дереккөздер оны зымыран бағдарламасына жетекшілік ететін тұлға ретінде сипаттайды. Мәліметтерге сәйкес, ол жоғары шенді әскери қызметкерлерден есеп қабылдап, нақты тапсырмалар береді.

Соңғы уақытта Ким Чжу Э әкесімен бірге түрлі әскери нысандарда жиі көріне бастады. Ол қару-жарақ сынақтарын бақылауға қатысып, стратегиялық маңызы бар шараларда бой көрсетуде. Сарапшылар мұны оның мемлекеттік басқару ісіне, әсіресе әскери салаға ерте араласуының белгісі деп бағалайды.

Оңтүстік Корея арнайы қызметтерінің өкілдері бұл әрекеттерді Ким Чен Ынның билік сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған қадамы ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қызын жас кезінен бастап саяси және әскери процестерге тарту — оны болашақ жетекші ретінде дайындаудың бір бөлігі.

Фото: KCNA via REUTERS

Басқа жаңалықтар

Back to top button