Басты жаңалықҚоғам

Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамнан асты

Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны қаңтар айының қорытындысы бойынша алғаш рет 20,5 миллион адамнан асқанын мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz

Бюро 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ел халқының саны туралы деректерді ұсынды. Мәліметке сәйкес, Қазақстан халқы 20,5 миллиондық межеден асты.

1 ақпандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 20 518 005 адамға жетті. Қалалық жерлерде 13 106 358 адам, ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады. Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға өскен. Оның 15,8 мыңы табиғи өсім, 2,3 мыңы – көші-қонның оң сальдосы есебінен, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Қазақстанда халық саны 20 миллионға 2023 жылдың қарашасында жеткен.

Фото: sputnik.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button