Басты жаңалықЖаңалықтар
Тоқаев елдегі маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейту туралы тапсырма берді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Financial Times Хаменеиға жасалған қастандық туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді жариялады
Ақорда мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.
Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.
Фото: Ақорда



