Басты жаңалықЖаңалықтар

Көктайғақ, қар, боран: алдағы күндері ауа райы қандай болады

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі, солтүстік өңірлерде боран болжанады

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Күнтізбелік көктемнің басталуына байланысты Қазақстан аумағындағы ауа райы солтүстік-батыс циклондар сериясының ықпалында қалыптасады.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 5-6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі, солтүстік өңірлерде боран болжанады.

Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button