ӘлемБасты жаңалық

«Бізде басқа таңдау жоқ»: Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады

Оның айтуынша, Иран көрші мемлекеттердің егемендігін құрметтейді

Иран Президенті Масуд Пезешкиан көрші елдердің басшыларына үндеу жасады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Солтүстік Корея АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларын айыптады

Достас және көршілес мемлекеттердің басшыларына айтарым: біз соғыстың алдын алу үшін дипломатиялық жолды таңдадық. Алайда америкалық-сионистік әскери агрессия бізге өзімізді қорғаудан басқа таңдау қалдырмады, – деп жазды Пезешкиан Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның айтуынша, Иран көрші мемлекеттердің егемендігін құрметтейді және Таяу Шығыстағы тұрақтылықты аймақ елдерінің өздері қамтамасыз етуі тиіс деп есептейді.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Тель-Авив бұл операцияның мақсаты – Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізуіне жол бермеу екенін мәлімдеді. Ал Вашингтон Иранның әскери-теңіз флотын және қорғаныс өнеркәсібін жойып жіберетінін айтып, ел азаматтарын билікке қарсы көтерілуге шақырған.

Иран Қызыл Жарты Ай ұйымының мәліметінше, АҚШ пен Израильдің шабуылдары салдарынан кемінде 1000 адам қаза тапқан. Құрбандардың арасында Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи де бар деген ақпарат тараған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, зымырандар тек әскери нысандарға ғана емес, азаматтық инфрақұрылымдарға да тиіп жатқан көрінеді. Бұл жағдай Ислам Республикасының өзінде ғана емес, аймақтағы басқа елдерде де байқалған.

Өз кезегінде Тегеран Израиль аумағына және Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери базаларға соққы беріп жатыр.

Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл операция бастапқыда жоспарланған төрт-бес аптадан да ұзаққа созылуы мүмкін екенін мойындаған. Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иранға қарсы бұдан да қуатты соққылар жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Фото: Ақорда

Басқа жаңалықтар

Back to top button